Тікелей эфир

«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ құрылымына кіретін Jibek Joly телеарнасы, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазақ және орыс тілдерінде хабар тарата бастады. Jibek Joly - SilkWay телеарнасының ел аумағындағы нұсқасы ретінде, отбасылық, ойын-сауықтық бағдарламалар дайындайды.

Телеарнада негізінен отандық өнімдерге басымдық берілген. "Жаңа Уақыт", "Новое время"ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары, сондай-ақ «Кривошеев Live», «JJ Talk» сияқты қоғамдық-саяси және «Ел» әлеуметтік ток-шоулары, «Түнгі студияда» Нұрлан Қоянбаев», «Жақсы адамдарым» тағы басқа ойын-сауық, танымдық жобаларын ұсынады. Сонымен қатар, Jibek Joly арнасында әлемдік киноматографияның танымал туындылары, қызықты телесериалдар, қазақ тіліне аударылған мультфильмдер және Silk Way мұрағатындағы үздік бағдарламалар көрсетіледі.

SilkWay - Jibek Joly телеарнасының халықаралық эфирлік таралымы. SilkWay - бұл төрт құрлықтағы 118 елге HotbIRD 13B, Galaxy 19және MEASAT3A спутниктері арқылы таралатын Қазақстан Республикасындағы тұңғыш ұлттық телеарна. Арнаның контенті түгел отандық өнімнен тұрады.

SilkWay таралымы 300 миллион көрерменді қамтиды. Телеарнада бірнеше тақырыптық бағыттағы телетуындылармен қатар, Қазақстанның мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі, туристік және инвестициялық мүмкіндіктері туралы бағдарламалар дайындалады. Сондай-ақ арна эфирінен Қазақстан мен Орталық Азияның өзекті жаңалықтары күн сайын ақпараттар топтамасынан беріліп тұрады.

Қазақстандағы тұңғыш спутниктік халықаралық телеарна 2022 жылы 25-ші қазанда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар тарата бастады. 2018 жылдан бастап қырғыз және өзбек тілдері қосылды. Осы орайда цифрлық телеарнаның әрбір көрермені өзіне қажетті дыбыс жолағынан 5 тілдің бірін таңдап, телеөнімді 100% тамашалай алады.